«Екі үлкен арнаның қара тізіміндемін»: Меруерт Түсіпбаева тосын мәлімдеме жасады

коллаж MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
227

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Әншінің сөзінше, жаңа жылдан бері түсірілім жасаған номерлері белгісіз себептермен эфирге шықпай қалған.

"Анау жолы Алмас Кішкенбаевтың қаратізімде екенін жазды ғой. Ал мен болсам, ол туралы жариялағым келмеді. Әсіресе, 2025–2026 жылдары мені екі үлкен арнадан — #ұлттықарна және #хабар арналарынан алып тастап жатыр. Жарайды, мен жас әнші емеспін, оны да дұрыс деп қабылдадым. Жастар шықсын, шүкір. Онсыз да желіні жарып жүрмін ғой деп қатты қиналмадым. Бірақ, халқым-ау, шыдамның да шегі бар. #Хабар арнасы Алматыдан шақыртып алды ( #черныйсписок туралы білмегендер бар шығар). 5 әнімді түсірді (видеолары бар), 8–9 оператор жұмыс істеді. Қанша электр энергиясы, менің өз энергиям, 5–6 образ ауыстыру және тағы басқа қаншама еңбек, қаншама уақыт кетті. Содан кейін дым жоқ. Көрсетпеді.

Одан кейін «Таңшолпан» жылдың аяғында түсірді, оны да бермеді. Жүргізуші Берік соңғы рет сұрап жазғанда, жауап таппады ма, әлде ұялып, оқымағандай болды ма — білмедім. Қайсысын айтайын? Халқым аман болсын. Оқырмандарым аман болсын. Жоқ дегенде, Баянауылымның тарихында қалатыным сөзсіз", - деді Меруерт Түсіпбаева.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавл қаласында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 5...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев екі жылдан кейін біздің спортшылар Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындар...