Қазақстан Қытай нарығында рекорд орнатты: 6,6 млрд юаньға облигация шығарды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
73

Қазақстан жуырда Қытайдың банкаралық облигациялар нарығында жалпы сомасы 6,6 млрд юаньды ($983 млн) құрайтын «панда-облигацияларды» орналастырды. Бұл – Орталық Азия елдері арасында «панда-облигацияларды» бір реттік орналастыру көлемі бойынша ең ірі көрсеткіш, деп хабарлайды MadeniPortal.kz chinadaily-ға сілтеме жасап. 

Панда-облигациялар екі траншпен, атап айтқанда 1,82% жылдық мөлшерлемесіне сәйкес 5 млрд юань көлемінде 3 жылдық облигациялар және 1,95% жылдық  мөлшерлемесі бойынша 1,6 млрд юань көлемінде 5 жылдық облигациялар шығарылды.

China International Capital Corp мәміленің негізгі ұйымдастырушысы әрі букраннері болды. Industrial and Commercial Bank of China, China Construction Bank, Bank of China және Export-Import Bank of China – мәміленің бірлескен ұйымдастырушылары әрі бірлескен букраннерлері. Қазақстан тарапынан мәміленің жалғыз жергілікті менеджері Teniz Capital Investment Banking компаниясы болды.

Мамыр айында жалпы сомасы 3,4 млрд юань болатын алғашқы тәуелсіз панда-облигацияларсәтті орналастырылғаннан кейін, бұл жолғы орналастыру Қазақстанның Қытайдағы панда-облигациялар нарығына қайта оралғанын білдіреді.

Екі орналастырудың жиынтық көлемі 10 млрд юаньды құрады. Бұл қадам Қытай мен Қазақстан арасындағы қаржылық ынтымақтастықты тереңдету, екі елдің капитал нарықтарының өзара байланысын дамыту және юаньның интернационалдануын одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды.

Bank of China өкілдерінің айтуынша, панда-облигацияларды сәтті орналастыру Қытайдың капитал нарығы әлем елдерінің тәуелсіз қаржыландыруы үшін жоғары тартымдылыққа ие екенін көрсетеді. Сонымен қатар бұл жаһандық қаржыландыру валютасы ретінде юаньның халықаралық ықпалын одан әрі нығайтуға ықпал етеді. 

СПОРТ

Түркиялық "Фенербахче" бапкері Исмаил Картал Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойын т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысының Құлсары қаласында жаңа оқу жылының басында 1200 орындық №26 мектеп ашылды. Мектепті...