Екібастұзда тойда уланған 18 адамға 5 миллион теңге өтемақы төленеді

Фото: Astanatv

Жаңалықтар
267

Екібастұзда мейрамханада уланған қазақстандықтарға 5 миллион теңгеден астам өтемақы төлеу туралы сот шешімі шықты. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Екібастұзда өткен «Қыз ұзату» тойынан кейін қонақтардың жаппай уланып, ауруханаға түсуі елді дүр сілкіндірген болатын. Биыл сәуір айында 16 зардап шегуші департаментке өтінішпен жүгінді. Олардың арасында ауыр жағдайлар болған: бір әйел жүктіліктің екінші айында баласынан айырылса, бір ер адам ішек инфекциясына байланысты ота жасатуға мәжбүр болды», — деп жазылған хабарламада.

Департамент қызметкерлері зардап шеккендерге материалдық және моральдық шығынды өтеу туралы шағым дайындап, жолдауға көмектесті. Алайда мейрамхана басшылығы бұл талапқа жауап бермеген. Осыдан кейін департамент мекемеге жоспардан тыс тексеру жүргізіп, бірқатар бұзушылық анықтады. Нәтижесінде мейрамханаға кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріліп, әкімшілік айыппұл салынды.

«Қараша айында Екібастұз соты 18 зардап шегушінің талаптарын ішінара қанағаттандырып, оларға материалдық және моральдық шығындарды өтеу туралы шешім шығарды. Материалдық шығынның жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асты. Олардың мөлшері 1318 теңгеден 188 462 теңгеге дейін белгіленді. Ал моральдық шығын үшін мейрамхана әр адамға 200 мыңнан 700 мың теңгеге дейін төлеуге міндеттелді», – делінген хабарламада. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...