Таразда 13 жастағы қызды құтқарған азамат оқиғаның мән-жайын айтып берді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
986

Таразда 13 жастағы қызды құтқарған азамат оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Нұркен Омаров дәл сол күні мешіттен шығып, аялдамада тұрған.  Айтуынша, аялдамада кішкентай оқушы қыз тұрған. Бір көлік қыздың қасына келіп тоқтап, сигнал берді. «Отыр көлікке» деп айтып жатты. 

Қыз көлікке отырмаған. Іле-шала көлік ішінен екі адам атып шығып, қызды көлікке қарай сүйреп, күштеп отырғызбақ болады. 

«Мен араша түстім. «Сен кімсің, ағасысың ба?» деді олар. Біреуі «Мен – Мұхаммед пайғамбармын, бұл қыз менің әйелім болу керек» деп бір нәрселерді айтып тұр», - дейді қызды құтқарған Нұркен. 

Нұркеннің айтуынша, біреуі шегіп алған сияқты көрінген, көздері қып-қызыл боп қанталап кеткен екен.

https://www.google.com/url?q=https://madeniportal.kz/&sa=U&sqi=2&ved=2ahUKEwj37oSG_eeSAxVCPxAIHZwjMgQQFnoECBAQAQ&usg=AOvVaw23ru7RdY3N8MZiqbMjEKV-

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...