Экс-президентке қатерлі ісік диагнозы қойылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2919

Джо Байденге обыр ауруының диагнозы қойылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге простата обыры диагнозы қойылды. Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы президентінің кеңсесі мәлімдеді. Диагноз 16 мамыр, жұма күні дәрігерлер тексеруден қуық асты безінің «кішкентай түйінін» тапқаннан кейін қойылған. Аурудың сүйек метастаздары бар простата обыры екені анықталды.

"Бұл аурудың неғұрлым агрессивті түрі болғанымен, қатерлі ісік гормондарға сезімтал болып көрінеді, бұл оны тиімді емдеуге мүмкіндік береді",- деді Байденнің баспасөз хатшысы.

Байден және оның отбасы дәрігерлермен бірге емдеу әдістерін зерттеп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...