Рақымшылыққа ілінген алғашқы сотталушы түрмеден шықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1110

Амнистияға ілінген алғашқы сотталушы түрмеден шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қостанай облысында жазасын өтеп жатқан ер адам рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шықты. Бұрын оның соттылығы болмаған. Үйде оны үш баласы мен жұбайы күтіп отыр. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

Өңірде 2 мыңға жуық сотталушы жазасын өтеп жатыр. Олардың 300-іне рақымшылық жасалады.

Айта кетейік, маусымда президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.

Қазақстанда 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Соның 2 мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады.

«Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана рақымшылыққа ілінеді. Ең алдымен, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, яғни, баласы бар әйелдерге, егде адамдарға, кәмелет жасына толмағандарға және осы санаттағы басқа да азаматтарға кешірім беріледі. Мұны жаза басқан жандарға жасалған нақты көмек, олардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау деп түсіну қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...