Экс-президенттің жұбайы 7 жылға сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
623

Ким Гон Хи кәсіпкерлер мен саяси қолдау іздеген адамдардан қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Судья Чо Сун Пёның айтуынша, президенттің жұбайы барынша ұстамды әрі сақ болуы тиіс. Алайда Ким Гон Хи бұл әлеуметтік жауапкершілікті елемей, билігін асыра пайдаланып, бірнеше рет бағалы сыйлықтар қабылдаған. Одан енді сыйлықтар тәркіленетін болды. Олардың қатарында Van Cleef & Arpels брендінің гауһар тасты алқасы, Tiffany брошы, Dior сөмкесі, тасбақа мүсіншесіне арналған қорап, корей суретшісі Ли Уфанның картинасы бар.

Ким Гон Хи сыйлықтарды алғанын мойындады. Алайда сыйлықтардың қандай да бір мақсатпен берілгенін жоққа шығарды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат Айнагүл Балташева педагог-ассистенттердің еңбегіне бірыңғай талап енгізуді ұсынды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда полициясы анасы мен сәбиін көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні бір апта...