Тоқтар Серік асыға күткен қуанышты жаңалығын айтты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
160

Белгілі әнші Тоқтар Серік әлеуметтік желідегі парақшасында әулеті үшін қуанышты жаңалық болғанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің жазуынша, туған бауыры Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр оқуын тәмамдап, болашақ бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша диплом алған.

Тоқтар Серік жас түлекті құттықтап, оған ақ тілегін арнады.

"Бүгін біздің әулет үшін тағы бір жақсы қуаныш, тағы бір жақсы жаңалық. Туған бауырым Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр болашақ бастауыш мұғалім мамандығын тәмамдап, қолына дипломын алды. Алтыным, сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Құтты болсын. Алла жар болсын", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да пікір қалдырып, Толайым Қадырды жаңа белесімен құттықтап, болашақ мамандығына сәттілік тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ким Гон Хи кәсіпкерлер мен саяси қолдау іздеген адамдардан қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында судья болып жүрген Зарема Хамидуллина көлемді сұхбат берді, деп хабарл...