Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында &laq...
Елімізде 5 мыңнан астам мұғалім жетіспейді – Қасым-Жомарт Тоқаев
ЖИ көмегімен жасалынған
Қазақстанда 5 мыңнан астам мұғалім жетіспейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 тамызда Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында білім саласындағы кадр тапшылығы мәселесіне тоқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, педагог тапшылығын шешу бағытында жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Соның нәтижесінде мұғалім мамандығын таңдайтын жастардың саны арта бастаған.
«Бұл бағытта қазірдің өзінде жүйелі шаралар қабылданып, нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде педагог мамандығын таңдайтын жастардың саны артып келеді. Бұл – оң үрдіс. Биылдың өзінде педагогикалық мамандықтар бойынша 12 мыңнан астам мектеп түлегі мемлекеттік грант иегері атанды. Олардың 2 мыңнан астамы – «Алтын белгі» иегерлері. Дегенмен кадр мәселесін түбегейлі шешу үшін әлі де ауқымды жұмыс атқару қажет. Елімізде 5 мыңнан астам мұғалім жетіспейді. Бұл халық санының тұрақты өсуіне және жаңа мектептердің жоғары қарқынмен салынуына байланысты. Осы факторлар педагогтерге деген сұранысты арттырып отыр. Осы мәселеге қатысты бейінді министрліктен жаңа тәсілдер әзірлеуді күтемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мұғалімдерге деген сұраныстың артуына халық санының тұрақты өсуі мен жаңа мектептердің көптеп салынуы әсер етіп отырғанын атап өтті.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрлігіне педагог тапшылығын шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.