Қызылорда облысында жасөспірімдер мүмкіндігі шектеулі баланы азаптаған

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1520

Әлеуметтік желілерде Қызылорда облысында жасөспірімдер мүмкіндігі шектеулі баланы азаптап, аяқтарын күйдіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, оқиғаға байланысты тексеру жүргізілуде.

— «Оқиғаға қатысы бар екі адамның да кәмелетке толмағанын ескере отырып, олардың ата-аналарына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-1-бабына сәйкес шаралар қабылданды», — деді Комитеттің баспасөз хатшысы.

Зардап шеккен бала қазіргі уақытта үйінде. Оған қажетті психологиялық көмек көрсетілетін болады. Медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері әзірге күтілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...