Астанада жаңадан ашылған кафеге блогер Олжасхан (Олжас Қайрат) жарнама жасап, 1000 донер тегін тарат...
Куәгер Руслан Берденов ісіндегі шындықты ашты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісіне байланысты сотта тыңдалым өтіп, куәгерлердің бірі Ернар Жиембайды жұмыстан босату мәселесі болғанын растады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Бұл туралы stan.kz жазды.
Сотта алғашқы болып қала құрылыс басқармасы, құрылыс нысандарын бақылау бөлімінің басшысы Аманғали Кенжебеков түсініктеме берді. Оның айтуынша, 21 сәуірде басқарма басшысының орынбасары Ажибаев хабарласып, Жиембайдың қызметтен кету туралы өтініш жазған-жазбағанын анықтауды сұраған. Сол уақытта Жиембай "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС директоры қызметін атқарған. Кенжебеков мән-жайды білу үшін Жиембайдың өзіне хабарласқан.
«Ернар: “Неге бұлай жасайды, оған бір ай уақыт бермеді ме?” – деп таңғалды. Бұған дейін оның тарапынан тәртіп бұзушылық немесе заңсыз әрекет байқамадым», – деді куәгер.
Кенжебековтің айтуынша, Жиембайды тағайындау немесе қызметтен босату тек басқарма басшысының құзырында, ал Берденовтің ондай өкілеті жоқ.
Бұған дейінгі сот отырысында айыпталушы Ернар Жиембай жәбірленушіні тек қорқытқысы келгенін мәлімдеген. Оның сөзінше, жанжал Берденовтің жұбайына қатысты әрекеттерінен шыққан. Жиембайдың айтуынша, шенеунік қызметтік өкілетін пайдаланып, өзін «қаматамын» деп қорқытқан және Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековке жала жабуды талап еткен.
Еске сала кетейік, 21 сәуір кешінде Берденовке оқ атылып, ол жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Алдын ала деректер бойынша, оқ атуға Шымкент әкімдігіне қарасты серіктестіктің қызметкері күдікті деп танылған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Бастапқыда оқиғаға қызғаныш не әдепсіз қылық себеп болуы мүмкін деген болжам жасалды, бірақ қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Әйгерім Жұмақұлова бұл нұсқаны жоққа шығарды.