Ақтөбе иттердің өлекселері табылды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
17

Авиагородок ауданында гараждар маңынан бірнеше иттің өлексесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, жануарлар атылған болуы мүмкін, ал денелері қар үстінде сол күйі қалған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тұрғындар әлеуметтік желіде жарияланған видеолар мен жағымсыз иістен, сондай-ақ инфекция тарау қаупінен алаңдап, жауапты мекемелерден шұғыл шара қолдануды талап етуде. Қоғам арасында «Иттерді чиптеп, бюджет қаражатын жұмсаған соң, неге соңында атып тастайды?» деген сұрақ та қызу талқылануда.

Ең басты мәселе — өлекселердің дер кезінде жиналмауы. Бұл тек адамгершілік ғана емес, санитарлық қауіпсіздікке де қатер төндіреді, әсіресе гараж маңы сияқты адамдар көп жүретін аумақтарда.

Қала әкімдігі мен ветеринарлық қызмет иттерді ату фактісі, өлекселердің ашық жерде қалдырылуы және жауапты қызметтердің бақылауы бойынша нақты түсініктеме беруі қажет. Тұрғындардың денсаулығы мен қоғамдық қауіпсіздік бірінші орында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлдана Мырзуан Астанада науқастарға шұғыл көмек көрсету барысында ауыр жарақат алып, ауруханада көз...

ӘДЕБИЕТ

Қазақ тарихының қатпарлы кезеңдерінде елдің бірлігі мен намысын ту еткен, билігімен де, мәрттігіме...