Жантүршігерлік апат: Пойыздың 7 вагоны рельстен шығып кетті

Фото: Әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2921

Мәскеу — Челябинск бағытында пойыздың вагондары рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ресей темір жолдары ресми Telegram-арнасының хабарлауынша, 3 сәуір күні таңертең Бряндино станциясы маңында №302 Мәскеу – Челябинск жолаушылар пойызының жеті вагоны рельстен шығып кеткен.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Оқиға орнына жедел қызметтер жіберілді. Аталған учаскеде қозғалыс уақытша тоқтатылды. Салдарды жою үшін Ульяновск, Бугульма, Сызрань және Рузаевка станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді», деп хабарлады Ресей темір жолдары.

Оқиғаның себептері анықталуда. Компания басшысы Олег Белозеров жетекшілік ететін жедел штаб құрылды.

Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендердің арасында бір бала бар.

Пойызда спорт секцияларынан келген бірнеше бала болған. 8 вагонда 415 жолаушы отырған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жойқын су тасқыны салдарынан кемі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда скринигтің арқасында 215-тен аса науқастан қатерлі ісіктің ерте сатысы анықталды. Бұл турал...