Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр мен қар жауады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1032

Қазақстан аумағында алдағы үш тәулікте жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі жазды.

Синоптиктердің мәліметінше, ашық әрі құрғақ күндерден кейін елімізге атмосфералық фронттар жылжып келеді. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, түнде жауын қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Ауа температурасы айтарлықтай төмендемейді. Тек солтүстік өңірлерде аздап салқындау байқалады түнде -3…-8°C, ал күндіз +3…+8°C шамасында болады.Қалған өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде жылы, бірақ бұлтты және жауын-шашынды болмақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...