Еліміздің 14 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2458

Еліміздің 14 аймағында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазгидрометтің хабарлауынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нөсер жауып, көктайғақ болады және қалың тұман түседі. Жел екпіні секундына 15-28 метрге дейін күшейеді.

Батыс пен орталық аймақтарда ауа райы құбылмалы, қар аралас жауын жауып, қатты жел тұрмақ. Солтүстік пен шығыс өңірлерде бұрқасын соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге дейін жетуі ықтимал.

ТЖМ дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болуды ескертеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...