Елордада садақ атудан халықаралық Гран-при бәсекесі өтеді, деп хабарлайды"Мәдениет порталы"...
Назарбаевқа қатысты тағы бір өзгеріс: Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды
ашық дереккөз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің сыртқы саясат тұжырымдамасына бірқатар өзгеріс енгізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа 2026 жылғы 14 тамызда қол қойған. Жаңартылған құжаттағы негізгі өзгерістердің бірі – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері бойынша бастама көтеру құқығының алынып тасталуы.
Бұған дейін 2020 жылы бекітілген тұжырымдамада Елбасының тарихи миссиясына байланысты мұндай өкілеттік қарастырылған еді. Жаңа редакцияда бұл норма жоқ.
Сонымен қатар заң шығару билігіне қатысты ереже де өзгерген. Бұрын бұл қызмет Парламентке тиесілі деп көрсетілсе, жаңартылған құжатта заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде Қазақстан Республикасының Құрылтайы аталған.
Жаңа тұжырымдамада Қазақстанның көпвекторлы, прагматикалық және проактивті сыртқы саясатты жалғастыратыны көрсетілген. Сондай-ақ шетелдегі Қазақстан азаматтарының, оның ішінде шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылған.
Президент жарлығы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.