Елордада «Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
258
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің орталығында 23-27 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі болмақ, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 
«Astana Eurasian Book Fair – 2025» кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы».
«Фолиант» – баспа индустриясында 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көпсалалы қазақстандық баспа.
«Astana Eurasian Book Fair – 2025» көрмесіне Қазақстан, Ресей, Түркия, Испания, Иран, Өзбекстан, Португалия және Қытай елдерінен 70-ке жуық баспа, кітап сату, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады.
 
Көрменің басты мақсаты – кітап оқуды дәріптеу, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап нарығындағы жаңа өнімдерді көрсету, баспа саласындағы заманауи технологияларды таныстыру және халықаралық әріптестікті дамыту.
 
Көрме аясында төмендегідей іс-шаралар өтеді:
* Балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған кітаптардың таныстырылымдары;
* Танымал жазушылармен және ақындармен кездесулер, автограф-сессиялар;
* Кәсіби кездесулер мен пікірталастар;
* Балалар алаңында кітап оқу, шеберлік сабақтары және шығармашылық кездесулер;
* Құнды сыйлықтар ұтысы.
 
Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні, сағат 11:00-де өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысады.
 
Көрме аясында дәстүрлі түрде «Жылдың үздік кітабы» байқауы келесі номинациялар бойынша өтеді:
* Жыл кітабы;
* Үздік дебют;
* Үздік көркем әдебиет;
* Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;
* Түріксойдың Гран-приі.
 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға былтыр 20 сәуірде Меркі ауылында болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

24 сәуірге қараған түні Жетісу облысындағы тасжолда екі адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп ха...