Елордада «Ғасырлар пернесі» атты онлайн концерт өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР
3198

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы 2021 жылдың 28 сәуірінде Қазақ оркестрінің Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115 жылдығына арналған «ҒАСЫРЛАР ПЕРНЕСІ» атты онлайн концерті өтті. 

Академик, өнертану ғылымының докторы, профессор А.Жұбанов өнер саласының бастауы болып, 1934 жылы әйгілі Құрманғазы оркестрін құрып, кейіннен Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Ұлттық Консерваторияны құруға ат салысып, және де сол консерваторияның ректоры болды. Міне осындай қазақ өнерінің майталманы А.Жұбановтың 115 жылдығына орай Қазақ оркестрі кең көлемде концерт ұйымдастырды.

Л.Хамидимен бірлесіп алғашқы «Абай» операсын жазған ұлттық композиторымыздың сонымен қатар көптеген халықтың күйші-әнші композиторларын зерттеп, еңбектер жазып, екі үлкен «Ғасырлар пернесі» және «Замана бұлбұлдары» атты монографиялардың авторы. Жалпы өнер мен мәдениеттің жанашыры болған дара тұлғаның концерттің бағдарламасы А.Жұбановтың өз бағдарламасынан тұрды. 

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...