Марғауды арқанмен сүйреген қыз видеоға түсіп қалған: полиция іздеп жатыр

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
144

Астанада кішкентай марғауға қатыгездік көрсетілген сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оқиға елорданың Қордай көшесінде болған. Кадрларды көрген тұрғындар жануардың жағдайына алаңдаушылық білдірген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желідегі жазба авторының айтуынша, куәгер көшеде кішкентай марғаумен келе жатқан қызды байқап қалған. Жануардың мойнына арқан байланған, ал қыз оны сол арқаннан тартып, көшеде сүйреп жүргені айтылған.

Көрген жағдайына бейжай қарай алмаған куәгер оқиғаны видеоға түсірген. Кейін кадрлар әлеуметтік желіде тарап, көпшілік жануарға бұлай қарауға болмайтынын айтып, тиісті органдардан жағдайға назар аударуды сұраған.

Оқиғаға Астана қаласының полиция департаменті де назар аударды. Қазір тәртіп сақшылары видеодағы қыздың жеке басын анықтау бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

«Аталған факті бойынша қыздың жеке басын анықтау үшін тексеру жүргізілуде. Тексеру нәтижесінде оның әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.

Әзірге марғаудың қазіргі жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Сондай-ақ видеодағы қыздың әрекетіне қандай құқықтық баға берілетіні тексеру қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында аңшылық кезінде қайғылы жағдай болып, 64 жастағы ер адам оқ тиіп қаза тапты. Оқиғағ...

СПОРТ

Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізім...