Елордалық пауэрлифтерлер «Таза Қазақстан» акциясына қосылды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
270

Бүгін №7 БЖСМ пауэрлифтинг бөлімінің спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Жас спортшылар Астана қаласының құрамасы жаттығатын Қалдаяқов көшесіндегі спорт залының аумағында сенбілік өткізді. Олар маңайдағы қоқысты тазалап қана қоймай, ағаш отырғызып, елорданы көгалдандыруға үлес қосты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Классикалық пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Егор Кузнецов осындай іс шаралардың маңыздылығын атап өтті:

«Біз Астананың атынан жарыстарға қатысқанымызды мақтан тұтамыз. Дегенмен туған қаламызды таза ұстау да маңызды. Экологиялық акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Экологияға қамқорлық – бұл спорт сияқты тәртіп. Біз таза және жасыл Астананы қолдаймыз», – дейді ол.

Бұл бастаманы жаттықтырушылар мен мектеп басшылығы қолдап, мұндай акциялар жас спортшыларда азаматтық сана мен туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейтінін атап өтті.

№7 БЖСМ директоры Серік Халелов барлық қатысушыларға алғысын білдірді:

«Таза Қазақстан» бүкіл ел бойынша мыңдаған белсенді адамның басын қосады. Біздің спортшылар жастарға үлгі көрсетіп қана қоймай, спорт пен экологияның қатар жүретінін насихаттайды. Біз апта сайын сенбіліктер өткіземіз, бұл жақсы дәстүрге айналды. Балалар мен жаттықтырушыларға белсенді азаматтық ұстанымы мен қаламызды жақсартуға деген ұмтылысы үшін алғысымыз шексіз», – деді. 


Айта кетейік, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Экоакцияның негізгі мақсаты қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару болып саналады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында мектеп түлектері жол ережесін бұзып, жолды жауып тастады, деп хабарлайды MADEN...

ӘДЕБИЕТ

Рухани жаңғыру аясында көптеген тарихи мұралар, тың деректер зерттеліп, жарыққа шығып жатқаны бәрімі...