Атыраудағы трагедияға қатысты сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы жұрт естімеген м...
Енді ата-аналар зейнетақы жинағының артылған бөлігін балаларының еміне жұмсай алады
Фото: gov.kz
2330
Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін кәмелетке толмаған балалардың емі үшін мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етіледі, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ azattyq-ruhy.kz сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі ««Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізген.
Құжатқа сәйкес, ата-аналар біржолғы зейнетақы төлемдерін кәмелетке толмаған балаларының еміне жұмсай алады.
Зейнетақы жинағының төменгі шегінен артылған қаражатты орфандық ауруларға, қалпына келтіру операцияларына, радиохирургиялық емге, тісті емдеуге және тағы басқа медициналық қызметтерге пайдалануға рұқсат етілген.
Бұйрық 27 сәуірден бастап күшіне енеді.