Димаш Құдайберген үздіктер қатарында рекорд жаңартты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
503

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні Польшадағы Radio Olsztyn хит-парадында 52 апта бойы үздік орында қалып, рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы dimashnews.com хабарлағандай, аталған композиция бір жыл ішінде тек бір рет қана бірінші орнын уақытша жоғалтып, бір аптаға екінші орынға түскен. Кейін қайтадан көш бастап, рейтингтің жоғарғы сатысына оралған.

Мамандардың айтуынша, әннің мұндай ұзақ уақыт бойы чарттың шыңында тұруы оның сапасымен қатар, польша тыңдармандарының ерекше қолдауын көрсетеді. Хит-парад архивіндегі «1. Bez zmian. 52 tydzień na liście» белгісі де — композицияның 52 апта бойы бірінші орында тұрғанын дәлелдейді.

Айта кетейік, өткен жылы Түркістанда Димаш атқарушы продюсері болған «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық жобасының түсірілімі басталған еді. Жоба 100 миллионнан астам қаралым жинаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да қырылған итбалықтар табылған. Экологтар су сынамаларын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды...