Енді имамдарға әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынады

Фото интернеттен

ЖАҢАЛЫҚТАР
2128

27 мамырда Өзбекстан мешіттерінің барлық имамдары әлеуметтік желілерге кірмеу және әлеуметтік желілердегі жазбаларға "лайк" қалдырмау туралы ескерту алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

inbusiness.kz сайтының жазуынша, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы имамдардың әлеуметтік желілерге шығуын шектеген көрінеді. 

Мамыр айының соңында Өзбекстандағы барлық мешіттердің имамдары Ташкент бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтан аудио хабарлама алды. 

Онда "тағы бір тапсырма әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салуға қатысты", "сонымен қатар оны оқығаннан кейін әлеуметтік желілердегі кез-келген постқа лайк қоюға тыйым салынады" делінген. 

Бұл ақпарат Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасында расталды.

Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитетінің деректері бойынша 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елде 16 конфессияның 2285 діни ұйымы жұмыс істейді.

Олардың 2098-і исламдық ұйымдар, ал 188-і басқа діни ағымдарға жатады.

Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкес дін мемлекеттен бөлінген. Діни ұйымдар мен конфессиялардың қызметі Өзбекстан Республикасының "Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы" заңымен реттеледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...