«Мен көп нәрсені қайта ой елегінен өткіздім»: Мейіржан Төребаев видеоүндеу жазды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
185

Қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаев өмірінің әртүрлі кезеңдерінде өзін қолдаған барлық жандарға алғыс айтып, видеоүндеу жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол отбасысына, жақындарына, достарына және тіпті, өз сөзінше, қолдау білдірген бейтаныс адамдарға да ризашылығын жеткізді.

«Анамды, балаларымды, жұбайымды қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Кеше, мысалы, көшеде келе жатып, адамдар маған жақындап, жылы сөздерін айтты. Біз құшақтастық. Мүмкін, мен оларды енді ешқашан көрмейтін шығармын, бірақ адам махаббатының жанды қалай емдейтінін түсінесің. Мен көп нәрсені қайта ой елегінен өткіздім, көп нәрсені ұқтым, өзімше бір рухани өзгерістен өттім, қарапайым дүниелерді бағалай бастадым… Ал мен әрі қарай да шығармашылығымды жалғастырамын: сериалдар мен фильмдерге түсіп, сценарий жазып, фильмдер мен сериалдар түсіруді жалғастырамын», – деді вайнер өз үндеуінде.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың маусымында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

ПРОЗА

Жаздың жайма-шуақ керемет күндері еді. Ұзын бойлы Ермек биыл сегізінші сыныпты аяқтап, жазғы демалыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бала қайшымен жүгіріп жүріп, сүрініп құлаған кезде өткір зат маңдай тұсына қадалған, деп ха...