Бұл заңбұзушылықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура қызметкерлері анықтаған, - деп хабарл...
Жомарт кенішінде қауіпсіздік күшейтілді: Қазақмыс шахталарды жаңа желдету жүйесімен жабдықтап жатыр
Фото: Қазақмыс
«Қазақмыс» корпорациясы Жомарт кенішіндегі өндірістік қауіпсіздікті күшейту жұмыстарын жалғастыруда. Компанияда 2026 жыл Қауіпсіздік жылы болып жарияланып, шахталардағы еңбек жағдайын жақсарту басты назарға алынған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Осыған байланысты басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакиров кенішке арнайы барып, жер астындағы жұмыс барысын тексерді. Өндіріс басшыларымен бірге ол кен өндіру учаскелерін аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылаған.
Тексеру кезінде шахтаның желдету жүйесінің жұмысы, кенжарлардағы қауіпсіздік деңгейі және газталдағыш құрылғыларын пайдалану тәртібі назарға алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау міндеттелді.
Қазіргі таңда желдету ұңғымасын бұрғылау жұмыстары толық аяқталған. Шахта аумағына арнайы желдеткіш қондырғылары орнатылып, жақын уақытта 600 метр тереңдікке дейін таза ауа жеткізу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, кеніште қосымша желдету ұңғымаларын салу жалғасуда. Жұмыс сапары барысында геомеханика саласының мамандары қатысқан кеңесте кен өндірудегі өзекті мәселелер мен шахтаның болашақ даму жоспары талқыланды.