Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көп жетістіктерге қол жеткізді деп айтуымызға болады. Әлемдік деңге...
Алматыдағы жеке клиника жалған анықтама дауына ілікті
Фото: freepik
21
Алматыдағы “Аяжан” жекеменшік клиникасында жалған медициналық құжаттар берілуі мүмкін деген ақпаратқа байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әлеуметтік желіде аталған медициналық мекемеде жалған анықтамалар мен жеке медициналық кітапшалар рәсімделіп жатқаны туралы ақпарат тараған. Осыған байланысты министрлік клиниканың қызметін тексеретінін мәлімдеді.
“Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайды”, – делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік ресми құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу, сондай-ақ жалған құжаттарды пайдалану Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.