Енді Шерзаттың отбасының адвокаттарына шабуыл жасалып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2676

Әлеуметтік желіде марқұм Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Саида Таукелева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы ақпарат Шерзат Полаттың қазасынан кейін ашылған justice_for_sherzat инстаграм парақшасында жарияланды. Құқық қорғаушының сөзінше, соңғы уақытта Шерзат Полаттың отбасының қорғаушыларына шабуыл көбейген. Белгісіз біреулер түрлі парақшалармен құқық қорғаушылардың ұлтына, тіліне қатысты төмендетіп, тіл тигізіп жүр екен. Сонымен қатар адвокат желіде жалған ақпарат тарататын бот аккаунттар көбейгенін айтады.

Саида Таукелева бұндай шабуылдың іс сотқа жолданар алдында басталғанын мәлімдеді. Бірақ адвокат мәселені әділ шешуге ұмтылатынын, өздеріне тапсырылған жұмысты ғана атқаратынын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...