Енді жасанды интеллект министр болады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1305

Албанияда жасанды интеллект негізіндегі модель "ЖИ-министр" ретінде қолданыла бастады. Ол "Диелла" деп аталады, қазақ тілінде "Күн" деген мағынаны береді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жасанды интеллект мемлекеттік сатып алу қызметіне жауапты болады.

Премьер-министр Эди Раманың айтуынша, "Диелла" мемлекеттік тендерлермен айналысады, ол арқылы үкімет жеке компаниялармен келісімшарт жасайды.

Осылайша мемлекеттік сатып алу қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алды алынады деген болжам бар.

"ЖИ-министр" моделі ел азаматтарына түрлі қызмет алуға мүмкіндік беретін e-Albania платформасында қолданылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы Ащыбұлақ ауылында 29 жастағы әйелдің өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні, әнші Заңғар Нұртастың жары Индира Мауленова ү...