Ақмола облысының әскери қызметкері букмекерлік кеңселерге қарызын өтеу үшін сүйіктісін өлтіріп, тона...
Әпкесін ұрғаны үшін: Ақтөбелік полицей жездесін қызметтік қарумен атты
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Ақтөбеде ішімдікке сылқия тойып алған полиция қызметкері өзінің жездесі әпкесін ұратынын есіне түсіріп, оған қызметтік қарумен 4 рет оқ атқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан зардап шеккен ер адам аман. Ал оқ атқан полиция қызметкері 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оқиға 2026 жылы 28 наурызда Ақтөбе облысының Хромтау қаласында болды. Сол күні сотталушы полиция инспекторы бөлімшеден қызметтік тапаншасы мен 16 патрон алып, кешкі кезекшілікке дайындалған. Алайда ол қаруын тастамай туыстарына қонаққа барып, бірге алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды.
Іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Хромтау аудандық учаскелік полиция инспекторы ҚК-тің 24-3 бабы, 99-1 бабымен кінәлі деп танылды. Үкім оқылғанда сотқа полицейдің әріптестері қатыстырылды. Сот оның қылмысты алкогольді масаң күйде және полиция қызметкері ретінде өзіне берген сертін, кәсіби антын бұзуы жазаны ауырлататын мән-жайлар деп таныды.
Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы 2026 жылы 26 наурызда сағат 9:30-да қызметтік тапаншасы мен 16 патронын алып, кешкі кезекшілікке дайындалған. Түстен кейін Дөң ауылындағы нағашысының үйіне отбасымен барады. Сол жерде туыстарымен гаражда отырып ішімдік ішкен. Тапаншасы өзімен бірге болған. Кейін көңілді кешті жалғастыру үшін оларды өз үйіне шақырады. Жолда дүкенге соғып арақ алып, үйінде бірге ішеді. Сол жерде апасына қол көтеретінін айтып, жездесімен сөзге келген. Жездесіне некедегі әйелін ұрып-соғатынын айтқан. Физикалық түрде оған төтеп бере алмайтынын біліп, Макаров табельді тапаншасын оқтап, жездесіне қарай бір рет атқан. Әрі қарай жәбірленушінің қарсылық көрсетуге қамасы келмей қалғанын көрсе де маңызды ағзасына бағыттап, тағы да үш рет атады.
Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келді. Сот сараптамасында оқ 37 жастағы жәбірленушінің кеудесінен тесіп өткені айтылады. Екі өкпесі жарақаттанған, 5 қабырғасы сынған, бауыры жыртылып, қан кеткен. Оң жақ бөксе, білек, сан аймақтарында оқ жарақаттары бар. Жәбірленуші есін ауруханада жыйды. Іске куә ретінде туыстары, полиция қызметкерлері, медицина қызметкерлері куәретінде жауап берді.
Сотталушы 31 жаста. Ол Хромтау ауданының тумасы, ұлты қазақ, білімі жоғары және отбасы бар. 2011 жылдан полицияда жұмыс істейді. 2021 жылы аға лейтенант шенін алған. Сот арнаулы шенінен айырды.