Ер адам үшінші рет қыз босанған әйелін өртеп жіберді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2347

Үндістанда ер адам әйелі үшінші рет қыз босағаны үшін оны өртеп жіберді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қайғылы жағдай Махараштраның Парбхани ауданында болған. Ер адам әйелінің денесіне бензин құйып өртеген. Жаңа босанған әйелдің денесі толықтай күйіп кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырды.

Марқұмның әпкесі полицияға берген мәлімдемеге сәйкес, айыпталушы әйеліне үш қыз туғаны үшін қайта-қайта бопсалап, ашу үстінде өрт қойған.

"Ер адам оған бензин құйып өртеп жіберді. Әйел үйден айқайлап жүгірді, көшедегі адамдар отты сөндіруге тырысты. Бірақ іс-әрекеттер нәтиже бермеді", - деді құқық қорғау органдарының өкілі.

Айыпталушы қамауға алынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...