Үндістанда фармацевтикалық фабрикада жарылыс болып 17 адам қаза тапты

Фото: The Indian Express

ЖАҢАЛЫҚТАР
2920

Үндістанның Анакапалли округіндегі "Эсиентия" жеке компаниясына тиесілі фармацевтикалық фабрикада белгісіз себептермен жарылыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

NDTV телеарнасының хабарлауынша, Анакапалли округіндегі "Эсиентия" жеке компаниясына тиесілі фармацевтикалық фабрикада белгісіз себептермен жарылыс болып, салдарынан 17 адам қаза тауып, 41 адам жарақат алды.

Жарылысқа электр желісіндегі ақау себеп болуы мүмкін деген болжам бар.