Ерлі-зайыпты сұмдық әрекетке барып, туысының үйіне тығылған

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
899

Ерлі-зайыпты алаяқтықтың бірқатар дерегі бойынша ұсталды, жалпы шығын шамамен 200 млн теңгені құрайды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысының аумағында халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын ұстады. Анықталғандай, аталған тұлғалар алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы түрлі сылтаулармен Астана және Семей қалалары тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген. Келтірілген жалпы шығын шамамен 200 млн теңгені құрайды», – делінген хабарламада дүйсенбі күні.

Полицияның мәліметінше, «жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды».

«Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомство.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Италияның Битонто қаласының тұрғыны лотереядан 1 миллион еуро (шамамен 540 миллион теңге) ұтып алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйелге жасалған қатыгез шабуылға қатысты сот ісі аяқталды. Қылмыстың саралануы қоға...