«Экс әкімнің ұлы»: Туған қызын зорлаған 29 жастағы ер адамға қатысты тың деректер шықты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1433

24 ақпанда Петропавлдағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта сегіз жасар қызын зорлаған 29 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады madeniportal.kz. Бұл туралы Бұл туралы Бұл туралы 

Бұл туралы  Ulysmedia.kz жазды.

 

Сот жабық режимде өткен және оның ресми мән-жайы айтылмады. Судья үкімді оқыған кезде де жәбірленуші туралы бірде-бір ақпарат бермеді. Инсайдерлік ақпарат бойынша, күдікті сегіз жасар қызын зорлап, видеоға түсірген. 

- Сот Әділхан Қайратұлы Сәкеновті кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, деді қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Ерлан Нұршәріп. 

Сот үкімі оқылып жатқан кезде күдікті өзін сабырлы ұстап, ешқандай эмоция білдірмеген. Оның туыстары да өзін байсалды ұстап тұрған. Айыпталушы ресми үйленбеген, жоғары білімі бар, “СПК “Солтүстік” АҚ-да жұмыс істейтін. 

Күдікті Әділхан Сәкеновтің әкесі өңірде белгілі адам болып шыққан. Қайрат Пшенбаев бірнеше рет аудан әкімі болған, қазір “Ауыл” ХДП бөлімшесін басқарады. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...