«Құдағиды алып қашуға дайынмын»: Қайрат Әділгерейдің әзілі тойдағылардың көңілін түсірді

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1130

Қазақстандық танымал әншілер Жанболат пен Жазираның ұлы Қазыбектің үйлену тойы желіде қызу талқыға түсті. Мерекелік кешті жүргізген актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Той барысында асаба келіннің анасына қатысты айтқан әзілінен кейін желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Ортаға шыққан құдағи – жеті баланың анасына қарата айтылған «көшеде көрсем алып қашуға дайынмын» деген сөзі орынсыз әзіл ретінде қабылданған.

Желіде тараған пікірлерде оқырмандар асабаның бұл сөзін сынға алып, оның жүргізушілік мәдениеті мен әдебі төмен болғанын жазған.

«Қайратты таңдағанына таңғалып тұрмын», «Жүргізе алмады, артық сөздері көп», «Шектен шықтың, ұят болды» деген сынды пікірлер жиі кездеседі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...