«Қазақтың Робин Гуды» алаяқтық ісі үшін 6 жылға сотталуы мүмкін

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
434

Алматыдағы Алмалы аудандық сотында «қазақтың Робин Гуды» деген лақап атпен танымал блогер Ілияс Сариевке қатысты істің жарыссөзі өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы – «ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша қаралып жатыр. Айыпталушылар орындығында блогердің өзі және MM Travel турфирмасының басшысы Ақтоты Дүйсеева отыр.

Прокурордың айтуынша, айыпталушылардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің көрсетулерімен толық дәлелденген.

Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сондай-ақ прокурор жәбірленушілердің азаматтық талаптарын толық қанағаттандыруды сұрады.

Тергеу барысында айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерінің 26 эпизоды анықталған. Олар бір өндіріске біріктірілген. Эпизодтар қатарында: науқастардың еміне ақша жинау, аз қамтылғандарға тұрғын үй алып беру, сондай-ақ Меккеге қажылыққа жолдамалар сату бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте төбелеске ұласып, өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасынан кейін жаңа деректер белгілі болды...