«Балқарағай» демалыс кешенінде БАҚ өкілдері арасында дәстүрлі садақ атудан «Нысана...
“Есікті жауып кеткен”: Меркіде 3 кішкентай қыз газға уланып мерт болды
Фото: freepik
2616
Жамбыл облысы Мерке ауданы Сарымолдаева ауылында 19 сәуірде кәмелетке толмаған үш қыз газдан уланып, мерт болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Бұл жөнінде Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады.
Департаменттің айтуынша, 3,5 және 7 жастағы қыздар үйде жалғыз болған. Сенбі күні таңертең анасы оларды сырттан жауып, кетіп қалған. Үйіне келгенде газдың иісін сезген. Есінен танып қалған қыздарды анасы ауруханаға апарғанмен кеш болған. Олар естерін жимай, реанимацияда көз жұмған.