БҚО-да 9 жастағы бала үйдегі өрт кезінде екі інісін құтқарып қалған

Фото: ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
720

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 9 жастағы Бейбарыс Тілекберген үйіндегі өрт кезінде інілерін құтқарып қалған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Аралтөбе ауылында тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, өрт кезінде үйдің ішінде кішкентай балалар болған.

Осы сәтті 9 жастағы Бейбарыс абдырап қалмай, батылдық танытып, екі інісін үйден қауіпсіз жерге шығарған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шамамен 5 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.

Көрсеткен ерлігі үшін Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Елдос Батталов Бейбарысқа алғыс хат табыстады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысындағы Жангелдин трагедиясына қатысты сот процесі шешуші кезеңге жақындады. Бір отбасыны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жойқын су тасқыны салдарынан кемі...