Балаларды қорғау күні қарсаңында Елордадағы Жетісу саябағында «Менің атым Қожа» филіміні...
Есірткімен ұсталған рэпер Navai күтпеген жерден босатылды
ашық дереккөз
Қазақстанда есірткі контрабандасына күдікпен ұсталған ресейлік танымал рэпер Navai (Наваи Бакиров) қамаудан босатылып, ел аумағынан шығарылды. Оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметіне сілтеме жасап.
20 қазанда Жамбыл облысының полиция департаменті ресейлік орындаушыға қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын ресми түрде растады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әншінің құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және ісіне шын өкінгені ескерілген.
«Ресейлік рэп орындаушысына қатысты қылмыстық іс құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және шын өкінгені ескеріліп, қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Қабылданған процестік шешімді қадағалаушы орган бекітті. Шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды», – деп хабарлады полиция.
Еске салайық, Наваи Бакиров 13 қазанда Қырғызстаннан Қазақстанға кірмек болған кезде «Қордай» шекара бекетінде ұсталған еді. Полиция мен шекара қызметкерлері бірлесіп жүргізген тексеру барысында әнші отырған автокөліктен есірткі заты табылып, тәркіленген. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
15 қазанда сот рэперді екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарған болатын. Алайда арада бір апта өтпей, қылмыстық іс тоқтатылып, өнер иесі бостандыққа шықты.
Айта кетейік, Navai — ресейлік HammAli & Navai музыкалық дуэті арқылы кеңінен танылған орындаушы. Оның Қазақстанда ұсталуына байланысты Ресей тарапы да дипломатиялық арналар арқылы ақпарат сұратқан болатын.