Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Марқұм болған...
Алматыдағы үш университетке бомба қойылғаны туралы хабар жалған
Фото: ЖИ
Алматыдағы үш университетке бомба қойылғаны туралы хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
2026 жылғы 20 қазанда Алматыдағы үш жоғары оқу орнына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсіп, оқиға орнына полиция шұғыл жетті.
Рысқұлбеков көшесіндегі KazGASA, Абай даңғылындағы UIB және Шевченко көшесіндегі ALT University ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тараған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әртүрлі ауданда орналасқан үш жоғары оқу орнында жарылғыш зат болуы мүмкін екені туралы хабар түскен.
«Алғашқы әрекет ету шаралары аясында аталған нысандарға шұғыл қызметтер жіберілді. Ғимараттар мен оларға іргелес аумақтар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жан-жақты тексерілді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қауіпті заттар табылған жоқ», – деп мәлімдеді полиция.