Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2...
Арыстағы жарылыс кезінде жас жігіт 70 бүлдіршінді аман алып шыққан
"Жойқын жарылыс салдарынан балабақшаның шатыры ұшып, терезелер қирады"
Арыс қаласының тұрғыны орын алған төтенше жағдай кезінде «Лидер» балабақшасынан 70 бүлдіршін мен 2 тәрбиешіні Шардараға аман-есен жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
70 бүлдіршінді аман алып шығып, балабақшаның «Газель» автокөлігімен Шардараға жеткізген бүгінгі күннің батыры Арыс қаласының тұрғыны - Әбдіқалық Асқар Алмасбекұлы.
2000 жылы туылған Асқар «Лидер» балабақшасында жүргізуші болып жұмыс істейді.
«Жойқын жарылыс салдарынан балабақшаның шатыры ұшып, терезелер қирады. Тәрбиешілерден бастап бүлдіршіндерге дейін бәрінің бойын қорқыныш биледі. Аспан көк түтінге оранып, жарылыс қайталанған соң қарап қала алмадым. Бірінші кезекте ата-аналары бізге сеніп тапсырған бүлдіршіндердің амандығын ойладым. Сөйттім де газельге сыйғанынша бүлдіршіндерді мінгізіп, қауіпсіз, жақын аудан Шардараға тартып кеттім. Бүлдіршіндердің ата-аналарына телефон арқылы хабарласып, жағдайды түсіндірдік», дейді Асқар Алмасбекұлы.
Балаларды апат орынынан аман алып шығып, Шардара қаласына жеткізуде «Лидер» балабақшасының екі тәрбиешісі көмектескен.
Айта кетерлігі, бүгінде Шардара қаласындағы «Балауса» балабақшасына орналастырылған 70 бүлдіршіннің 65-ін ата-аналары алып кетсе, соңғы 5-еуін ата-аналарына табыстау мақсатында Асқар мен екі тәрбиеші Шымкент қаласына жолға шықты.Ескерту!
ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.