Фастфуд жеген 10 айлық баланың ішегі шіріп кеткен

Фото: Uzbek-MDK

ЖАҢАЛЫҚТАР
1905

Өзбекстанда дәрігерлер 10 айлық сәбидің ішегінің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мамандардың айтуынша, баланың ішегіндегі тіндер шіріп кеткен, ал бұл жағдай дұрыс емес тамақтанудың салдарынан туындаған. Анасы сәбиін өзі тұтынған картоп фри, лавашпен тамақтандырған. Мұндай тағамдар құрамында дәм күшейткіштер, консерванттар және басқа да қоспалар көп кездеседі. Бұл қоспалар сәбилердің толық дамып бітпеген ағзасына өте зиян, тіпті өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Дәрігерлер ата-аналарды аса мұқият болуға шақырып, сәбилердің ас мәзірін табиғи, пайдалы өнімдермен қалыптастыру қажеттігін ескертеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған қызды екі жыл бойы зорлап, қорқытып кел...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы ап...