Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен тарихи тұлғалар және киелі орындар жайлы мәлім...
Индонезия полициясы күдіктінің ұсталуына қатысты мәліметтерді жариялады
Фото: jurnalekbis.com
Индонезия Ұлттық полициясы Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдікті ретінде іздеуде жүрген қазақстандықтың ұсталуына қатысты жаңа мәліметтерді жариялап, оның фотосын таратты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Солтүстік Ломбок полициясы Интерполдың «қызыл хабарламасы» негізінде халықаралық іздеуде болған 29 жастағы Қазақстан азаматын қолға түсірген. Ол қос кісі өлтіру ісі бойынша айыпталып отыр.
Күдікті 24 ақпан күні Сенару ауылындағы қонақүйде ұсталған. Ұстау операциясы Индонезия Ұлттық полициясының халықаралық байланыстар бөлімімен бірлескен тергеу нәтижесінде жүзеге асқан.
Солтүстік Ломбок полициясының бастығы Агус Пурвантаның айтуынша, бұл әрекет Интерполдың «қызыл хабарламасына» және 2026 жылғы 8 қаңтарда Атырау соты шығарған шешімге сәйкес жүргізілген.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2025 жылдың қараша айында Атырау облысында болған өлімге әкелген оқиғаға қатысы бар.
Операция барысында 30 жастағы тағы бір қазақстандық әйел де ұсталған. Қазіргі уақытта оның құқықтық мәртебесі нақтыланып жатыр.
Айғақ ретінде күдіктілердің паспорттары, ұялы телефондары және халықаралық банк карталары тәркіленген. Қазір күдікті экстрадиция рәсімі аяқталғанға дейін Солтүстік Ломбок полиция басқармасында қамауда отыр.