Оралда доп ойнап жүрген 9 жастағы баланы тоқ ұрды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1690

Орал қаласында 9 жастағы баланы тоқ ұрды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Мой город порталына сілтеме жасап.

Оқиға 30 сәуір күні кешке Исатай-Махамбет көшесіндегі үйдің жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала допты алу үшін электр қосалқы станциясының шатырына шыққан. Сол жерде оны тоқ ұрған.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Қазіргі уақытта бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында аппаратпен тыныс алуда. Жағдайы өте ауыр. Денесінің 95 пайызын күйік шалған, төртінші дәрежелі күйіктер, – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясы аумағына кіру үшін қосымша талаптар енгізілді, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында тау жыныстарының құлауы салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп...