Фастфудтың жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1679

Қазақстанда құрамында қант, тұз және майы көп өнімдерді, әсіресе балаларға арналған фастфудты жарнамалауға шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Себебі мұндай тағамдар семіздік пен басқа да ауруларға себеп болады. Енді «қоректік профиль» әдісі арқылы зиянды өнімдер анықталып, олардың жарнамасына тосқауыл қойылады. 

Бұл бастама 2025–2026 жылдарға арналған салауатты тамақтану жол картасына енгізілді. Денсаулық сақтау министрлігі балалардың зиянды тағам жарнамаларының «нысанына» жиі айналатынын айтады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...