Оралда ер адам баласын арбасымен бірге еріп жатқан өзеннің үстіне апарып тастаған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
4839

Орал өзеніне ер адам кішкентай баланы арбаға салып, мұздың үстіне апарып тастаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Желіде тараған видеоға қарағанда, ол балық аулауға шыққан. Өзеннің бетіндегі мұз жартылай еріп жатыр. 

«Жындыхана дерсің, адамдар есінен адасқан ба? Баланы арбаға отырғызып, мұздың үстіне тастап кеткен. Баланың ата-анасы қайда, масқара!», - дейді видеоның авторы.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеткен. Полиция мұндай әрекеттің қауіпті екенін ескертеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға Алтай қаласындағы Курчатов көшесінің маңындағы батпақты аумақта орын алған. 9 жасар бала жұқа...

Әлем

Индонезияның Бантен провинциясында кондитерлік фабрика өртеніп, 50-ге жуық қызметкердің қайда екені...