Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шығады

фото: instagram.com/djamilyatokmadi

ЖАҢАЛЫҚТАР
2392

Ержан Тәтішевті өлтірді деп сотталған Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды. Бұл туралы Алматы облысының соттары хабарлайды. 

“Қонаев қалалық сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі шешімімен М.Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген сот хабарламасында. 

Еске салайық, 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындап, бұған Мұхтар Әблязов тапсырыс бергенін мәлімдеген болатын. Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргені үшін 4 миллион доллар ұсынғанын да айтты. 2018 жылғы 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы Елдос Тоқтарбай Конституциядағы орыс тіліне қатысты норманы алып тастауды ұсынды, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздеу жұм...