Франция елінде хантавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
765

Хантавирус жұқтырғаны анықталған Франция азаматының ПТР-тест нәтижесі оң болып шықты. Ол бұған дейін осы аурудың өршуі тіркелген MV Hondius кемесінде болған. Бұл туралы Франция денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Бұл әйел круиздік лайнерде болған, кеше елге оралды. Түнде жағдайы нашарлап, хантавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті», — деді Рист.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта әйел жұқпалы ауруларға мамандандырылған ауруханада ем қабылдап жатыр.

Бұл — Франция аумағында тіркелген хантавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы. Билік өкілдері науқаспен байланыста болған 22 адамды анықтады. Үкіметтің ресми өкілі Мод Брежон инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермеу үшін «барынша қатаң шаралар» қабылданып жатқанын айтты.

«Тағы да қайталап айтқым келеді: дүрбелеңге бой алдырудың қажеті жоқ. Соңғы жылдары бастан өткерген жағдайларды ескерсек, адамдардың қорқынышын түсінемін», — деді Мод Брежон.

Бұған дейін MV Hondius кемесінен түсірілген Францияның бес азаматы мінген ұшақ Ле-Бурже әуежайы әуежайына қонған болатын. Олардың төртеуінің ПТР-тест нәтижесі теріс шыққан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде бір топ еркек таксиде отырған адамды жүксалғышқа салып алып ұрлап кеткен, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтіру ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті. Мемлекеттік айыптаушы Ма...