Маңғыстау облысында ер адамды пойыз қағып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2058

Қайғылы оқиға 28 ақпан сағат 21:46-да Боранқұл станциясында болған. Оқиғаның алдын ала себебі - жәбірленушінің қауіпсіздік ережесін сақтамай, рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өтуі, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

«Ер адам Бейнеу стансасының аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға туралы ақпарат Маңғыстау стансасының желілік полиция бөліміне берілді. ҚТЖ теміржол қауіпті аймақ екенін еске салады», - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

ҚТЖ мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында теміржолда 10 адамды қағып кету жағдайы тіркелсе, оның 4-і мас күйде болған. Ал 2024 жылы 75 қайғылы оқиға тіркелген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияның батысында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 254 адамға жетті. Табиғи ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шерхан Аймахан, 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот алдында жауап беріп жаты...