“Путин екі рет кешірім сұраған”: ұшақ апатына байланысты екі елдегі жағдай шиеленісті

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1846

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Әзербайжан әуе кемесінің Ақтау маңында апатқа ұшырауына байланысты Кремльдің ұстанымын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Песковтың мәліметінше, Ресей тиісті комиссия жұмысының нәтижелерін күтіп отырған көрінеді. Олар тергеудің объективті әрі бейтарап өтетініне сенім артып отыр.

Сондай-ақ Песков Ресей президенті Владимир Путиннің Әзербайхан президентінен кешірім сұрағанын айтты.

“Президент Путин мен президент Әлиев екі рет телефон арқылы сөйлесті. Тергеу органдарына қажетті тапсырмалар берілді, осы апаттың себептерін тергеуге барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде. Президент Путин кешірім сұрап, өкініш білдірді”, – деп атап өтті Песков.

Еске салайық, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза болды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...