Ғалымжан Молданазарға елорда әуежайында көшет сыйға берілді

Фото: akimat_astana

Жаңалықтар
332

Қазақстандық танымал әнші әрі музыкант Moldanazar тобының солисі Ғалымжан Молданазар астаналықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Әкімдіктің мәліметінше, өнер иесіне елорда әуежайында көшет сыйға берілді. Әнші бұл ағашты Алматы ауданының «Мыңжылдық» аллеясына отырғызды.

Ғалымжан Молданазар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, игілігі мол мұндай бастамаларды қолдау біздің және балаларымыздың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.

Өзім Астанаға концерттік бағдарламалармен жиі келемін. Бұл қала мен үшін ерекше орынға айналды. Астананың өсіп, құлпыра түскені ұнайды. Сол себепті өз үлесімізді қосу қашанда маңызды болмақ, – деді ол.

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Ауқымды экоакция аясында жасыл желектерді отырғызу, қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды және т.б. тазарту жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Астанада бір миллионға жуық жасыл желек  отырғызылады. Оның басым бөлігі қазірдің өзінде аяқталды. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...